Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Милан" футбол клубы Қазақстан құрамасының ойыншысына қызығушылық танытып отыр

Жарияланған күні:

Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков. Фото: instagram.com/sadybekov_26

Италиялық "Милан" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Әділет Садыбековке қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев блогер Артур Асқарұлына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

– Қоғамда "Милан" мен Садыбековке қатысты қауесет тарап жүр.

– Иә, әрине.

– "Милан" тарапынан қызығушылық бар ма?

Бұл кеңінен талқылауды, уақытты қажет ететін өте жақсы ұсыныс. Шетелдік клубтар Қазақстаннан ойыншы алатын кезде өте ұзақ уақыт бойы зерттейді. Біз бұны Әліптің тәжірибесінен білеміз. Бұдан бөлек, Шушеначев, Вороговский бар. Яғни, олар клуб арқылы кетті. Дубайға ойнауға кеткен Исламханды да мысал ретінде айтуға болады. Ол клубтар ойыншыны ұзақ уақыт бақылайды, оның әр қырын зерттейді. Егер келісімшартқа, ресми ұсынысқа ұласатын қызығушылық бар болса, біз футболшымызды жіберуге дайынбыз. Бұл біз үшін де жақсы. Өйткені ол ұлттық құрамаға қайтып келеді.

Еске салайық, қазақстандық футболшы Нұралы Әліпке франциялық "ПСЖ" және англиялық "Манчестер Сити" командаларынан ұсыныс түскенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2118669-milan-futbol-kluby-qazaqstan-quramasynyng-oiynshysyna-qyzygushylyq-tanytyp-otyr/