Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бешікташ" клубының бас бапкері Бахтиер Зайнутдиновты командада көргісі келмейді

Жарияланған күні:

Казахстанский футболист Бахтиер Зайнутдинов
Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Ahmad Mora/Getty Images

"Бешікташтың" жаңа бас бапкері Джованни Ван Бронхорст қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновты стамбулдық клуб сапында көрмейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Türkıye Gazetesi сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Джованни Ван Бронхорст - 2024 жылдың маусым айында Фернанду Сантуштың орнына келген "Бешікташтың" жаңа бапкері. Маман басшылыққа берген есебінде Зайнутдинов, Анте Ребич, Дэниел Амарти, Умут Мераш, Алекс Окслейд Чемберлен есімдерін атап, олармен қош айтысу керек екенін айтты. Сонымен қатар өткен маусымда жалға берілген футболшыларды күтетінін мәлімдеген.

Осыған дейін Бахтиер Зайнутдиновтың ресейлік "Зенитке" ауысатыны айтылды. Десе де қазақстандық футболшының өзі де, оның әкесі де Ресейге ауысу жағын қарастырмайтынын жеткізген.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары Еуропа чемпионатын сәтсіз бастады. Германияда өтіп жатқан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының "С" тобындағы ойында Словения мен Дания құрамалары ұпай бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2119260-beshiktash-klubynyng-bas-bapkeri-bahtier-zainutdinovty-komandada-korgisi-kelmeidi/