Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бахтиер Зайнутдиновтың әкесі ұлының Ресей чемпионатына ауысатыны туралы қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Бақтиер Зайнутдинов
Бақтиер Зайнутдинов. Фото: instagram.com/bateka_11

Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдиновтың әкесі Батыржан Зайнутдинов ұлының Ресей Премьер лигасына оралатыны туралы қауесетке жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін санкт-петербургтік "Зенит" футбол клубы Бахтиер Зайнутдиновты және оның стамбұлдық "Бешікташтағы" командаласы португалиялық Гедсон Фернандешті сатып алуға ниетті екені туралы ақпарат пайда болған еді. Екі трансфердің ықтимал сомасы 30 миллион еуроға бағаланды.

"Бахтиердің "Бешікташпен" 2027 жылға дейін келісімшарты бар. Ол маған Ресей чемпионатына оралу туралы ештеңе айтқан жоқ. Бахтиер Еуропада ойнауды армандады, ал Ресейге оралуға әлі-ақ үлгереді. Оның Ресейге оралуы мүмкін екені туралы ештеңе білмеймін", - деді Батыржан Зайнутдинов.

Сондай-ақ, Бахтиердің әкесі Түркияға бейімделу футболшыға қиынға соғып жатқанын айтты. Өйткені ол жақта түрікше және ағылшынша сөйлеуге тура келеді.

Осыған дейін Зайнутдинов Ресей Премьер лигасында ойнаған. Жартылай қорғаушы Мәскеудің ЦСКА сапында 2020 жылдан 2023 жылға дейін өнер көрсетті. Кейін өткен жазда "Бешикташқа" ауысты.

Еске салайық, "Бешікташ" басшылығы Бахтиер Зайнутдиновтің трансфері жайлы жазған журналисті сотқа бермек екенін жазғанбыз.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2117295-bahtier-zainutdinovtyng-akesi-ulynyng-resei-chempionatyna-auysatyny-turaly-qauesetke-zhauap-berdi/