Футболдан Португалия ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының алғашқы ойынында Чехияны жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Португалия ұлттық құрамасы Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының алғашқы ойынында Чехия командасын 2:1 есебімен жеңді.
Ойынның алғашқы голын 62-минутта чехиялықтардың ойыншысы Провод соқты. Алайда араға 7 минут салып Чехияның қорғаушысы Гранач автогол жасап, есепті теңестірді. Ал матчың соңғы минуттарында Консейсау жеңіс голын салып, Португалияға 3 ұпай алып келді.
Айта кетейік, кеше, 18 маусым осы командалармен бірге F тобында өнер көрсететін Түркия құрамасы Грузияны 3:1 есебімен жеңген еді. Топтық кезеңде ең көп ұпай жинаған 2 команда плей-офф кезеңге жолдама алады. Еуропа чемпионатының қазіргі чемпиондары - Италия құрамасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2119854-ronaldu-bastagan-portugaliia-quramasy-europa-chempionatyn-satti-bastady/