Еуро-2024: Грузия құрамасы тарихи матчта Түркияға есе жіберді
Опубликовано:
Футболдан Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып жатқан Грузия құрамасы топтық кезеңдегі бірінші ойында Түркиядан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Германияның Дортмунд қаласында өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды. Түркия құрамасынан Мерт Мюлдюр (25-минутта), Арда Гюлер (65-минутта), Мухаммед Керем Актюркоглу (90+7 минутта) гол салды. Ал Грузия командасынан Джордж Микаутадзе (32-минутта) көзге түсті.
Айта кетейік, бұл матч грузиялықтар үшін тарихи ойын болды. Өйткені команда Еуро-2024 турнирінде дебют жасады. Наурызда Грузия құрамасы Грекияны жеңіп, тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама алған еді.
Енді Түркия құрамасы 22 маусымда Португалияға қарсы ойнайды. Сол күні Грузия командасы Чехиямен кездеседі.
Бүгін, 19 маусымға қараған түні Португалия – Чехия құрамалары арасында матч өтеді. Ойынды сағат 23:50-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
- Мбаппенің мұрнын сындырған футболшы тосын мәлімдеме жасады
- Килиан Мбаппе Еуро-2024 турниріндегі алғашқы ойынында мұрнын сындырып алды (видео)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2119797-euro-2024-gruziia-quramasy-tarihi-matchta-turkiiaga-ese-zhiberdi/