Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Хорватия мен Албания тең тарқасты

Жарияланған күні:

Футболдан Хорватия құрамасы
Футболдан Хорватия құрамасы: Mateusz Slodkowski/Getty Images

Футболдан Еуро-2024 додасының екінші турында Хорватия мен Албания құрамалары тең тарқасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. тілшісі хабарлайды.

Гамбург қаласындағы "Фолькспаркштадион" алаңында өткен ойында Хорватия мен Албания құрамалары 2:2 есебін тіркеді.

Ойын есебін Албания құрамасы ашқан болатын. Албания құрамасының жартылай қорғаушысы Казим Лячи ойынның 11-минутында алғашқы голды соқты.

Ал хорваттықтар екінші таймда ұйымдастырған үздіксіз шабуылдарының арқасында ойынның 74-минутында шабуылшы Андрей Крамарич қақпаны дәл көздеп, есепті теңестірді. Ал арада екі минут өткен соң, 76-минутта Албания құрамасының жартылай қорғаушысы Клаус Гьясуля өз қақпасына автогол соғып алды.

Төрешінің қосқан қосымша 90+5 минутында Клаус Гьясуля Хорватия қақпасына гол соғып, өз командасын жеңілістен аман сақтап қалды.

Айта кетейік, өткен турда Хорватия құрамасы Испаниядан 0:3 есебімен есе жіберсе, Албания құрамасы Италиядан 1:2 есебімен жеңілген болатын. Барлық мәселе келесі турда айқын шешіледі.

Ал осы топтағы қос фаворит саналған Испания мен Италия құрамалары ертең, 20 маусым күні кездеседі. Кездесу 23:50-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2120490-horvatiia-men-albaniia-teng-tarqasty/