Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жастағы түрік футболшысы Криштиану Роналдудың рекордын бұзды

Жарияланған күні:

Арда Гюлер
Арда Гюлер. Фото: Etsuo Hara/Getty Images

Түркия ұлттық құрамасының ойыншысы Арда Гюлер Еуро-2024 турнирінде әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың рекордын бұзды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ OptaJose аналитикалық агенттігінің X желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан уақытымен 19 маусымға қараған түні Түркия құрамасы Грузиямен кездесіп, 3:1 есебімен ұтқан еді. Бұл матчтың 65-минутында Арда Гюлер қарсылас команданың қақпасын дәл көздей алды. Осылайша, Еуропа чемпионатындағы дебютінде гол салған ең жас футболшы атанды (19 жас 114 күн). Бұған дейін аталған рекорд Криштиану Роналдуға тиесілі еді. Ол Еуро-2004 турнирінде 19 жасының 128-күнінде гол соқты.

Сондай-ақ Арда Гюлер Еуропа чемпионатындағы дебютінде мергендік танытқан тарихтағы үшінші жасөспірім атанды. Біріншісі Ференц Бене (1964), екіншісі Криштиану Роналду (2004) болған еді.

Айта кетейік, Түркия құрамасы 22 маусымда Португалияға қарсы ойнайды. Сол күні Грузия командасы Чехиямен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2119956-19-zhastagy-turik-futbolshysy-krishtianu-ronaldudyng-rekordyn-buzdy/