Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан кубогының финалистері анықталды

Жарияланған күні:

"Ақтөбе" – "Елімай" арасындағы Қазақстан Кубогының жартылай финалдық матчы
"Ақтөбе" – "Елімай" арасындағы Қазақстан Кубогының жартылай финалдық матчы. Фото: QFL баспасөз қызметі

Кеше, 19 маусымда футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық ойындары аяқталды. Нәтижесінде жүлдеге таласатын екі команда анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалдық кезеңдегі қарымта ойында "Атырау" қазіргі Кубок иегерлері қостанайлық "Тобыл" клубын жеңді. Бұл ойында "Атырау" командасының сапында Николай Синьевич (18, 53-минут), Якоб Новак (41) және Ринат Джуматовтар (90+8) көзге түсіп, команданы финалдық ойынға алып шықты.

Еске салайық, алғашқы кездесу 1:0 есебімен "Тобылдың" жеңісімен аяқталған болатын. Осылайша екі ойынға созылған кездесудің нәтижесінде 4:1 есебімен атыраулықтар жеңіске жетті.

Ал келесі жартылай финалдық жұпта ақтөбеліктер сырт алаңда семейлік "Елімайдан" 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен өз алаңындағы сенімді жеңістің арқасында ақтөбелік команда екі ойынның қорытындысы бойынша (3:2) финалдық кездесуге жолдама алды.

29 қыркүйекте "Атырау" мен "Ақтөбе" командалары арасында футболдан Қазақстан кубогының кубогы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2120679-futboldan-qazaqstan-kubogynyng-finalisteri-anyqtaldy/