Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024 турнирінің ең жас қатысушының жасын білген Испания королі таңғалды (видео)

Жарияланған күні:

Испания королі Филипп VI
Испания королі Филипп VI. Скриншот: youtube.com/@Sefutbol

Испания королі Филипп VI Испания ұлттық құрамасын Еуро-2024 турнирінің плей-офф кезеңіне шығуымен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ футболдан Испания ұлттық құрамасының Youtube желісіндегі ресми арнасынан сілтеме жасап хабарлайды.

Испания құрамасы италиялықтарды жеңгеннен кейін Филипп VI команданың киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, футболшылармен сөйлесті. Кезек Ламин Ямалға жеткенде, Филипп VI эмоциясын ұстай алмады.

"Жасың нешеде", - деп сұрады король.

"16", - деп жауап берді футболшы.

Футболшының жасын білгеннен кейін король Филипп VI бетін басты.

Айта кетейік, В тобының екінші турында Испания құрамасы Италияны ұтып 1:0 есебімен ұтып, плей-оффқа жолдама алды.

"Барселонадан" сапында өнер көрсететін 16 жастағы "вундеркинд" футболдан Еуропа чемпионатының тарихындағы ең жас қатысушысы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2121579-euro-2024-turnirining-eng-zhas-qatysushynyng-zhasyn-bilgen-ispaniia-koroli-betin-basty-video/