Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15-20 миллион теңге": қазақстандық футболшы Премьер лигадағы жалақы туралы айтты

Жарияланған күні:

Дінмұхаммед Қашкен
Дінмұхаммед Қашкен. Фото: instagram.com/dimash_kashken

Алматылық "Хан Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Дінмұхаммед Қашкен Қазақстан футболындағы жалақы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Премьер лигада жалақы жаман емес. Айына 10, 15, тіпті 20 миллион теңге алатындар бар. Ал жастар 1 миллион теңге алуы мүмкін", - деді футболшы Айсауле Бақытбекке берген сұқбатында.

Сондай-ақ Дінмұхаммед Қашкен футболдан бөлек бизнеспен айналысып, ақша табатынын айтты.

"Серіктесіммен бірге Қытайдан Ресейге телефон жеткіземіз. Жеткізушілердің бізге ұсынатын бағасы жақсы, солай табыс табамыз", - деді футболшы. 

Дінмұхаммед өткен маусымда қарағандылық "Шахтер" сапында Қазақстан Премьер лигасында ойнаған еді. Ал қазір "Хан Тәңірі" құрамында бірінші лигада өнер көрсетіп жүр. Ол мансабында литвалық "Жальгирис" және қызылордалық "Қайсар" командаларында да доп тепкен.

Еске салайық, танымал блогер Мерей Әбілова мен футболшы Дінмұхаммед Қашкен ата-ана атанатынын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2121792-15-20-million-tengge-qazaqstandyq-futbolshy-premer-ligadagy-zhalaqy-turaly-aitty/