Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Тең ойын Швейцария мен Германия құрамаларын плей-оффқа жетеледі

Жарияланған күні:

Футболдан Германия және Швейцария құрамаларының ойыншылары
Футболдан Германия және Швейцария құрамаларының ойыншылары. Фото: Manuel Winterberger/Eurasia Sport Images/Getty Images

Еуропа біріншілігінің А тобында өнер көрсететін Швейцария мен Германия құрамалары кездесті. Бұл ойында қос команда тең нәтижені қанағат тұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ойын "Франкфурт Арена" стадионында өтті.

Матчтың 17-минутында Германия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Роберт Андрих айып алаңының сыртынан гол соққан болатын. Алайда төреші VAR-ды тексергеннен кейін бұл гол есепке алынбады.

Төреші Даниэле Орсато
Төреші Даниэле Орсато. Фото: Nick Potts/PA Images via Getty Images

Ойынның 28-минутында Швейцария ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ремо Фройлердің берген пасын шабуылшы Дан Ндой қақпаға тоғытып, швейцариялықтарды алға шығарды.

Дан Ндойдың Германия қақпасына соққан голы
Дан Ндойдың Германия қақпасына соққан голы. Фото: Charles McQuillan - UEFA/UEFA via Getty Images)

Ал ойынның 90+2 минутында Германия ұлттық құрамасының шабуылшысы Никлас Фюллькруг гол соғып, есепті теңестірді.

Футболдан Германия құрамасының ойыншылары
Футболдан Германия құрамасының ойыншылары. Фото: Alexander Scheuber - UEFA/UEFA via Getty Images

Ойын соңына дейін осы есеп сақталды. Қос команда тең нәтижені қанағат тұтты.

А тобының үшінші тур ойындарының нәтижесі бойынша Германия 7 ұпаймен, Швейцария 5 ұпаймен плей-оффқа тікелей жолдама алды. Ал осы топта өнер көрсететін Шотландия мен Венгрия құрамалары үшінші тур аясында кездесіп, венгриялықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, турнирлік кестеде Венгрия 3 ұпаймен үшінші орынға жайғасса, Шотландия 1 ұпаймен соңғы орынды місе тұтты.

Айта кетейік, топтық кезеңде бірінші және екінші орын алған құрамалар, сондай-ақ әр топта үшінші орынды межелеген құрамалар арасында нәтижесі жоғары ең үздік төртеуі плей-оффқа жолдама алады.

Германиядағы Еуропа біріншілігінде 24 құрама бақ сынап жатыр. Топтық кезең 26 маусымға дейін жалғасса, плей-офф кезеңі 29 маусымда басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2122587-euro-2024-teng-oiyn-shveitsariia-men-germaniia-quramalaryn-plei-offqa-zheteledi/