jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024: Роналду бастаған Португалия құрамасы мерзімінен бұрын плей-оффқа өтті

    Футболдан Португалия құрамасының ойыншылары
    Футболдан Португалия құрамасының ойыншылары. Фото: Matt McNulty - UEFA/UEFA via Getty Images

    Футболдан Еуропа чемпионатының екінші турында Португалия құрамасы Түркияны ұтып, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    F тобындағы екі құрама Дортмундта (Германияда) кездесті. Бұл ойын 3:0 есебімен португалиялықтардың пайдасына шешілді.

    Матчтың 21-минутында Португалия құрамасының ойыншысы Бернарду Силва есеп ашты. 7 минуттан кейін Түркия командасының қорғаушысы Самет Акайдин өз қақпасына гол соғып алды. Алғашқы тайм 2:0 есебімен аяқталды.

    Екінші таймда португалиялық жартылай қорғаушы Бруну Фернандеш командаласы Криштиану Роналдудың пасын голға айналдырды. Осылайша, Португалия құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетіп, F тобында 6 ұпаймен көш бастады да, Еуро додасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

    Айта кетейік, Португалия құрамасы бірінші турда Чехияны 2:1 есебімен жеңсе, Түркия командасы Грузиядан 3:1 есебімен басым түскен еді. Енді 26 маусымда үшінші тур аясында Португалия – Грузия, Чехия – Түркия матчтары өтеді.

    Футболдан Еуропа чемпионаты Германияның 10 қаласында өтіп жатыр. Топтық кезең 26 маусымға дейін жалғасса, плей-офф кезеңі 29 маусымда басталады.

    Еуро-2024: Роналду бастаған Португалия құрамасы мерзімінен бұрын плей-оффқа өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.