Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нұралы Әліп – клубтың бас жауынгері": белгілі кинорежиссер қазақстандық футболшының ойынын бағалады

Жарияланған күні:

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Белсенді футбол жанкүйері, белгілі актер, кинорежиссер, продюсер Владимир Шевелков "Зенит" футбол клубындағы өзіне ерекше ұнайтын ойыншыларды атады. Сондай-ақ командадағы бразилиялықтардың сүреңсіз ойын көрсетіп жүргенін айтты, деп KAZ.NUR.KZ РБ Спорт порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен, әрине, сүйікті командамның құрамын мүмкіндігінше қадағалап отырамын. Менің ойымша, жаттықтырушылар қазіргі уақытта Вендел мен Клаудиньоның көңіл-күйін түсінуі керек. Олар соңғы кездері сүреңсіз ойын көрсетіп жүр. Мүмкін Ресейде жүріп шаршаған шығар, мүмкін оларды жіберу керек шығар. Олармен бірге команда көптеген жетістікке жетті және әлі де жетеді. Бірақ бразилиялықтардың ойыны көңілден шықпай жүр.

Шынымды айтсам, бұл құрамнан маған қорғаушылар Әліп пен Родригаоның ойыны ұнайды. Олар "Зенит" үшін алаңдағы майданға шыға алады. Нұралы Әліп – клубтың бас жауынгері. Мен мұндай ойыншыларды өте бағалаймын", - дейді Владимир Шевелков.

Айта кетейік, бүгінде Нұралы Әліп ресейлік "Зенит" футбол клубында өнер көрсетеді. Ол осы маусымда 37 матч өткізіп, 1 гол соқты. Сондай-ақ Ресей чемпионы атанды және ел кубогын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2123031-nuraly-alip-klubtyng-bas-zhauyngeri-belgili-kinorezhisser-qazaqstandyq-futbolshynyng-oiynyn-bagalady/