Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметіне неге Черчесов таңдалды

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов және Әділет Барменқұлов
Станислав Черчесов және Әділет Барменқұлов. Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов Астанада өткен баспасөз мәслихатында ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне неге Станислав Черчесов таңдалғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Маған елімізде білімді мамандар бар болса да, шетелдік жаттықтырушыларды неге шақыратынымыз туралы көп сұрақ қойылып жатыр. Иә, бізде жергілікті мамандар жеткілікті. Бірақ ғылыми статистика бойынша, білім – тек 20%, жеке қасиеттер – 40%, тәжірибе — 40%. Тәжірибе уақытпен өлшенбейді. Ол сәтті де сәтсіз де болады. Жаттықтырушы жеңістермен қатар жеңілістерді де бастан кеше білуі керек. Сондықтан Черчесов мырзаны құзыреттілік моделі арқылы шақырдық", - деді Барменқұлов.

Еске салайық, ресейлік маман Станислав Черчесов 3 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Осыған дейін бұл қызметті Магомед Адиев атқарды.

60 жастағы Черчесов Ресейдің "Спартак", "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" сынды командаларында жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Бұдан бөлек Ресей құрамасын, Польшаның "Легия", Мажарстанның "Ференцварош" клубтарын баптаған. Оның басшылығымен Ресей құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалына жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124558-qazaqstan-futbol-quramasynyng-bapkeri-qyzmetine-nege-cherchesov-tangdaldy-qff-prezidenti-zhauap-berdi/