jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

    Cтанислав Черчесов
    Cтанислав Черчесов. Фото: kff.kz

    Ресейлік маман Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Станислав Черчесов футболшы кезінде "Спартак" (Орджоникидзе), "Спартак" (Мәскеу), "Локомотив" (Мәскеу) және "Динамо" (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.

    Ол Ресейдің "Спартак" (Мәскеу), "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" (Мәскеу) сынды командаларында жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Бұдан бөлек Ресей құрамасын, Польшаның "Легиясын", Мажарстанның "Ференцварошын" басқарды.

    Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:

    • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007);
    • Польша чемпионы (2015/16);
    • Польша кубогының жеңімпазы (2015/16);
    • 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен);
    • Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23);
    • Мажарстан кубогының иегері (2021/22).

    Еске салайық, осыған дейін ұлттық құраманы жаттықтырған Магомед Адиев қызметінен кеткен еді. Ол мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын айтты.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.