Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең қымбат футболшыға Қазақстан чемпионатынан кетуге кеңес берілді

Опубликовано:

Максим Самородов
Максим Самородов. Фото: "Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі

Беделді Transfermarkt порталының сарапшылары Максим Самородовқа Қазақстан премьер-лигасынан (ҚПЛ) жоғары чемпионатқа өту керегін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сәрсенбіде Transfermarkt порталында ҚПЛ ойыншыларының жаңарған трансферлік бағалары туралы ақпарат жарияланған. Самородов Қазақстан чемпионатында 1 миллион еуродан (1,2 миллион) астам бағаланған жалғыз ойыншы екені анықталды.

"Жан-жақты дарынды ойыншы Еуропаның үздік 15 лигасындағы көптеген шетелдік клубтың негізгі трансферлік мақсаты болып саналады. Жасына қарамастан жетілген футболшының дриблингі мен алаңды көру қабілеті жақсы. Ақтөбеліктерге бұл ұлттық чемпионатта да, ұлттық құраманың халықаралық матчтарында да көп пайда әкеледі. Самородовта мансабын өсіруге көптеген мүмкіндігі бар, бірақ одан да тезірек көтерілу үшін ол өзін бұдан да жоғары дәрежедегі чемпионатта сынап көргені жөн", - деп жазылған Transfermarkt сайтында.

Самородов 21 жаста, ол "Ақтөбе" командасының форварды, қазіргі уақытта негізгі құрамда ойнайды. Мансабында Қазақстан құрамасының сапында 17 матч өткізіп, үш гол соққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124621-eng-qymbat-futbolshyga-qazaqstan-chempionatynan-ketuge-kenges-berildi/