Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Украина құрамасы Еуропа чемпионатындағы жорығын аяқтады

Жарияланған күні:

Украина және Бельгия құрамалары арасындағы ойын
Украина және Бельгия құрамалары арасындағы ойын. Фото: Clive Mason/Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионатының үшінші турында Украина және Бельгия құрамалары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Е тобындағы екі құраманың ойыны Штутгарттағы (Германия) "Мерседес-Бенц-Арена" cтадионында өтті. Бұл матчта бірде-бір гол соғылмай, кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Украина Е тобында төртінші орынға жайғасып, турнирді аяқтады. Ал осы топтағы Бельгия, Румыния, Словакия командалары плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі бүгін 26 маусымда аяқталады. Бұл кезеңнің соңғы ойындары F тобындағы Чехия – Түркия, Португалия – Грузия арасында өтеді.

Еуропа чемпионатының плей-офф сатысы 29 маусымда басталады. Қазіргі таңда 14 құрама плей-оффқа өтіп үлгерді. Олар: Германия, Швейцария, Испания, Италия, Англия, Дания, Словения, Аустрия, Франция, Нидерланд, Румыния, Бельгия, Словения, Португалия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124645-euro-2024-ukraina-quramasy-toptan-shyga-almady/