Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: плей-офф кезеңінде ойнайтын барлық құрама анықталды

Жарияланған күні:

Еуро-2024 жеребесі тартылды
Көрнекі сурет: kff.kz

Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында топтық кезең аяқталып, плей-оффқа жолдама алған барлық құрама анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Турнирдің топтық кезеңінің қорытындысы бойынша 24 құраманың 16-сы жарысты жалғастырады. Плей-оффқа әр топта алғашқы екі орын алған командалар мен үшінші орынға жайғасқандардың арасынан төрт үздік құрама өтті.

Қазақстан уақыты бойынша Еуропа чемпионатының 1/8 финалының толық кестесі төмендегідей:

  • 29 маусым, 21:00. Швейцария – Италия (Берлин);
  • 29 маусым, 23:59. Германия – Дания (Дортмунд);
  • 30 маусым, 21:00. Англия – Словакия (Гельзенкирхен);
  • 30 маусым, 23:59. Испания – Грузия (Кельн);
  • 1 шілде, 21:00. Франция – Бельгия (Дюссельдорф);
  • 1 шілде, 23:59. Португалия – Словения (Франкфурт-на-Майне);
  • 2 шілде, 21:00. Румыния – Нидерланд (Мюнхен);
  • 2 шілде, 23:59. Аустрия – Түркия (Лейпциг).

Шотландия, Мажарстан, Хорватия, Албания, Сербия, Польша, Украина және Чехия құрамалары топтық кезеңнен кейін жарыстан шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124777-euro-2024-plei-off-kezenginde-oinaityn-barlyq-qurama-anyqtaldy/