jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024: Грузия құрамасы Португалияны жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді

    Грузия құрамасы
    Грузия құрамасы. Фото: Stuart Franklin - UEFA/UEFA via Getty Images

    Бүгін, 27 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының 3-туры аясында Грузия және Португалия құрамалары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    F тобындағы екі құраманың ойыны Гельзенкирхен қаласындағы (Германия) "Фелтинс Арена" cтадионында өтті. Бұл матчта Грузия құрамасы Роналду бастаған Португалияны 2:0 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осылайша Грузия F тобында 4 ұпай жинап, 3-орынға табан тіреді. Десе де бұл нәтиже келесі кезеңге өту үшін жетеді. Еуропа чемпионатына алғаш қатысып жатқан Грузия 1/8 финалда Испания құрамасына қарсы ойнайды.

    Грузияның жанкүйерлері
    Грузияның жанкүйерлері. Фото: Hesham Elsherif/NurPhoto via Getty Images

    Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Чехия F тобында 4-орынға жайғасып, турнирді аяқтады. Ал осы топтағы Португалия мен Түркия командалары плей-оффқа жолдама алды.

    Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі бүгін 27 маусымда аяқталды.

    Еуропа чемпионатының келесі сатысы 29 маусымда басталады. Қазіргі таңда осы құрамалар плей-оффқа өтіп үлгерді. Олар: Германия, Швейцария, Испания, Италия, Англия, Дания, Словения, Аустрия, Франция, Нидерланд, Румыния, Бельгия, Словения, Португалия, Түркия.

    Еуро-2024: Грузия құрамасы Португалияны жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram