Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 35 мың жанкүйерге арналған жаңа стадионның іргетасы қаланды (фото)

Жарияланған күні:

Шымкентте іргетасы қаланған жаңа стадионның жобасы
Шымкентте іргетасы қаланған жаңа стадионның жобасы. Фото: instagram.com/akimat_shymkent

Шымкентте 35 мың орынды жаңа стадионның құрылысы басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 28 маусымда Шымкенттегі Тұран-2 шағын ауданында жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсімі өтті. Оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен футбол саласында қызмет етіп жүрген азаматтар, жанкүйерлер қатысты.

Айта кетейік, 35 мың адамға лайықталған жаңа стадионның аумағы – 21 гектар. Стадион құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес бой көтермек.

Жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсімі
Жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсімі. Фото: instagram.com/akimat_shymkent

Қазіргі таңда Шымкентте тек Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы "Орталық" стадион бар. 1969 жылы пайдалануға берілген бұл аренанының сыйымдылығы – 18 000 адам. 2003 жылдан бері "Ордабасы" клубының негізгі аренасы болып келеді.

Еске салайық, әлемдегі ең үздік стадиондардың рейтингі жарияланғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2125596-shymkentte-35-myng-zhankuierge-arnalgan-zhanga-stadionnyng-irgetasy-qalandy-foto/