Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Испания құрамасы Грузияны ірі есеппен жеңді

Жарияланған күні:

Дани Ольмо мен Нико Уильямс
Дани Ольмо мен Нико Уильямс. Фото: ANGELOS TZORTZINIS/AFP via Getty Images

Еуропа біріншілігінің 1/8 финалдық кезеңінде Испания мен Грузия құрамалары кездесті. Бұл матчта испаниялықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Голға толы болған матч Кельн қаласында орналасқан "Рейн Энерги" стадионында өтті.

Ойынның 18-минутында Испания құрамасының қорғаушысы Ле Норман өз қақпасына гол соғып алып, грузиялықтарды алға шығарды. Ал матчтың 39-минутында Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри айып алаңының сыртынан соққы жасап, есепті теңестірді.

Ал екінші таймда Испания құрамасы шабуылды күшейте түсті. Матчтың 51-минутында Фабиан Руис, 75-минутында Нико Уильямс, 83-минутында Дани Ольмо гол соғып, есепті 4:1-ге жеткізді. Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, испаниялықтар ірі есеппен жеңіске жетті.

Енді ширек финалда Испания құрамасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында Даниядан 2:0 есебімен басым түскен Германиямен кездеседі. Матч 5 маусым күні 21:00-де басталады.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа біріншілігінің финалдық ойыны 14 шілдеде Берлиндегі "Олимпиада" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2126508-euro-2024-ispaniia-gruziiany-iri-eseppen-zhengdi/