Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Роналдудың болашағы": Португалия құрамасының бас бапкері мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Португальский футболист Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес Еуро-2024 ширек финалында командасының жеңіліс табуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sportsdaily басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

5 шілдеде португалиялықтар Франция құрамасына пенальти сериясында есе жіберді. Француздар мүмкіндігін мүлт жібермей, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша олар жартылай финалға жолдама алды.

"Роналдудың құрамадағы болашағы? Біздің жарамыз әлі жазылған жоқ. Жеңілісті ауыр қабылдадық. Қазіргі сәтте жекелей ойыншыларға қатысты қандай да бір шешім қабылданған жоқ", - деді Мартинес матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, Криштиану Роналду осы турнирде ұлттық құрама сапында 5 матч өткізді. Оның төртеуінде футболшы алаңнан ауыстырылмады. Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Роналдудың мансабында бірде бір гол соқпаған алғашқы ірі турнир болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2130084-ronaldudyng-bolashagy-portugaliia-quramasynyng-bas-bapkeri-malimdeme-zhasady/