Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Франция құрамасы пенальти сериясында жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты

Опубликовано:

Киллиан Мбаппе
Киллиан Мбаппе. Фото: Alex Pantling - UEFA/UEFA via Getty Images

Еуро-2024 турнирінің ширек финалында Португалия мен Франция құрамалары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еуропаның мықты екі құрамасы Гамбург қаласындағы "Фолькспаркштадион" алаңында кездесіп, Франция құрамасы пенальти сериясында жеңіске жетті.

Ойынның негізгі уақытында да, экстра-таймда да қос команда қанша шабуылдаса да, бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Матч пенальти сериясына дейін созылып, Франция құрамасы 5:3 есебімен басым түсті.

Франция құрамасы жартылай финалда Испаниямен кездеседі. Испания құрамасы ширек финалда жарыс қожайындары Германияны экстра-таймда 2:1 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа біріншілігінің жартылай финалдық ойындары 9, 10 шілде күндері өтсе, ақтық сын 14 шілдеде болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2129967-euro-2024-frantsiia-quramasy-penalti-seriiasynda-zhengiske-zhetip-zhartylai-finalga-shyqty/