Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз көп нәрседен үмітті болдық": Роналду Еуро-2024 турниріндегі жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Ryan Pierse - UEFA/UEFA via Getty Images

Футболдан Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Еуро-2024 турниріндегі жеңілісінен кейін өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еуропа біріншілігінің ширек финалында Португалия құрамасы Франциядан пенальти сериясында (3:5) есе жіберіп қойды. Осы жеңілістен кейін Криштиану Роналду өзінің Instagram парақшасында:

"Біз көп нәрседен үмітті болдық. Біз көп нәрсеге лайықты едік. Өзіміз үшін. Әрқайсыңыз үшін. Португалия үшін.

Осы уақытқа дейін қолдау көрсеткендеріңіз үшін және осындай деңгейге жеткеніміз үшін сіздерге алғысымыз шексіз.

Сондай-ақ бұл жетістіктер алаңда да, алаңнан тыс та өзінің бағасын алатынына және жалғасын табатынына сенімдімін", - деп жазды Роналду.

Естеріңізге сала кетейік, Роналду 2003 жылдан бері Португалия құрамасында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол ұлттық құрама сапында 212 матчқа қатысып, 130 гол соғып, 47 нәтижелі пас берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2130192-biz-kop-narseden-umitti-boldyq-ronaldu-euro-2024-turnirindegi-zhengilisinen-keiin-malimdeme-zhasady/