Грекия мен Англия мемлекеттері арасындағы рейс қызметкері жолаушыларға Еуро-2024 турнирінің ширек финалдық матчындағы пенальти сериясын жіберіп алмауға көмектесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Sun сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кесте бойынша Грекиядан көкке көтерілген ұшақ Лондон әуежайына Англия – Швейцария арасындағы Еуро-2024 турнирінің ширек финалдық матчының соңында қонуы керек еді. Рейстің кешігуіне байланысты жанкүйерлер ширек финалдық матчтың маңызды минуттарын көре алмай қалды.
"Екі режимді Airbus A321 ұшағының ұшуы 16:50-ден 17:27-ге ауыстырылды, яғни Ұлыбританияға қону уақыты жоспардағыдай 18:32 емес, тек 19:20-ға шегерілді. Бірақ борт қызметкері, яғни стюардесса жолаушыларға бұл матчты телефон арқылы тікелей эфирде тамашалау үшін жағдай жасады", - деп хабарлайды The Sun.
Англия құрамасы матч соңындағы пенальи сериясында 5-3 есебімен Швейцарияны жеңіп, Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта кейбір рейстерде жолаушыларға ұшу кезінде желіде байланыста болуға мүмкіндік беретін WiFi орнатылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2131644-stiuardessa-euro-2024-matchyn-zhankuierlerge-ushaqtyng-ishinde-tamashalauga-mumkindik-syilady-foto/