Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Испания құрамасы финалда өнер көрсетеді

Опубликовано:

Футболдан Испания құрамасының ойыншылары
Футболдан Испания құрамасының ойыншылары. Фото: Marcio Machado/Eurasia Sport Images/Getty Images

Еуропа біріншілігінің жартылай финалдық кезеңінде Испания мен Франция құрамалары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тартысқа толы жартылай финалдық кездесу "Мюнхен Арена" стадионында өтіп, Испания құрамасы 2:1 есебімен басым түсті.

Ойынның 9-минутында Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Коло Муани гол соғып, командасын алға шығарды. Ал матчтың 21-минутында Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жас футболшы атанған Ламин Ямаль гол соғып, есепті теңестірді. Форвард айып алаңының сыртында допты қабылдап, сол аяғымен алыс бұрышқа соққы жасады. Доп бағанаға тиіп барып қақпа төрінен табылды. Осылайша ол Еуропа чемпионаттары тарихындағы гол соққан ең жас ойыншы атанды.

Ал арада көп уақыт өтпей, ойынның 25-минутында Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Дани Ольмо есепті 2:1-ге жеткізді. Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, испаниялықтар финалда өнер көрсететін болды.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа біріншілігінің жартылай финалдық кезеңінде Англия мен Нидерланд құрамалары ойын өткізеді. Матч бүгін, 10 шілдеде сағат 23:50-де басталады. Осы матчтың жеңімпазы ақтық ойында Испания құрамасымен Еуро-2024 турнирінің мықтысын анықтайды.

Финалдық ойын 14 шілдеде болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2131350-euro-2024-ispaniia-quramasy-finalda-oner-korsetedi/