Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Англия құрамасы соңғы минуттарда басым түсіп, финалға шықты

Жарияланған күні:

Англия құрамасының футболшылары
Англия құрамасының футболшылары. Фото: Matt McNulty - UEFA/UEFA via Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасы Нидерланд командасын жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Германияның Дортмунд қаласында өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 7-минутында Нидерланд құрамасының футболшысы Хави Симонс есеп ашты. Кейін Англия сапынан Харри Кейн пенальтиден гол салып (18-минутта), таразы басын теңестірді. Ал оның командаласы Уолли Уоткинс матчтың 90+1 минутында шешуші голды соқты.

Енді Англия құрамасы финалда Испанияға қарсы ойнайды. Бұл матч 14 шілдеде Берлиндегі "Олимпиада" стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Айта кетейік, Англия құрамасы бірде-бір рет Еуропа чемпионы атанып көрмеген. Команда 2021 жылы тарихында алғаш рет Еуро додасының финалында ойнап, Италиядан пенальти сериясында жеңіліп қалған еді. Ал Испания құрамасы осы уақытқа дейін үш рет Еуропа біріншілігінде жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2132061-euro-2024-angliia-quramasy-songgy-minuttarda-basym-tusip-finalga-shyqty/