Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Футбол майданындағы соңғы шайқас": Месси құрамадағы мансабын аяқтайтынын меңзеді ме

Жарияланған күні:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: Buda Mendes/Getty Images

Футболдан Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси Америка кубогы туралы айтып, ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын меңзеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ TyC Sports арнасының Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз жалпы құрама ретінде осы сәттің рахатын сезінейікші. Мен дәл қазіргі қуанышымды өзім секілді басқа да жандармен бөлісемін. Сондай-ақ Ди Мария мен Отаменди сияқты бойымда үлкен қуаныш кернеп тұр және бұл футбол майданындағы соңғы шайқас екенін түсінемін", - деді Месси TyC Sports арнасына берген сұқбатында.

Айта кетелік, аргентиналықтар биылғы Америка кубогының финалына шықты. Ақтық сында Аргентина құрамасы Колумбиямен кездеседі. Шешуші кездесу 15 шілдеде сағат 05:00-де өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2132361-futbol-maidanyndagy-songgy-shaiqas-messi-quramadagy-mansabyn-aiaqtaitynyn-mengzedi-me/