Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америка кубогының финалдық ойыны қарсаңында жаппай тәртіпсіздік орын алды (видео)

Жарияланған күні:

Америка кубогының финалдық ойыны қарсаңындағы жағдай
Америка кубогының финалдық ойыны қарсаңындағы жағдай. Фото: Photo/Lynne Sladky

Аргентина мен Колумбия құрамалары арасындағы футболдан Америка кубогының финалдық матчына бірнеше сағат қалғанда Hard Rock стадионының қауіпсіздік есігі арқылы жанкүйерлер ішке бұзып-жарып кірген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Guradian басылымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейне жазбаларда жанкүйерлердің стадионның кіреберісіндегі қауіпсіздік қоршауларынан полиция қызметкерлеріне бой бермей өтіп жатқанын байқауға болады.

Билеттер тексерілмеді, көпшілік арасында тек бірнеше күзет өкілін мен стадион қызметкерін байқауға болады. Тіпті кейбір жанкүйерлер стадионға кіру үшін қоршаулардың үстінен көтеріліп өтсе, ал басқалары желдеткіш саңылауын бұзып-жарып өткен.

Оңтүстік Флориданың аптап ыстығынан бірнеше адамға медициналық көмек, сондай-ақ су қажет болды. Полицейлер көптеген жанкүйерді қақпадан ары шығарып үлгерсе де, кейбірі стадионға заңсыз кіріп кеткен болатын.

Осы жағдайға байланысты Аргентина мен Колумбия құрамалары арасындағы матч бір сағатқа кейінге шегерілді.

Айта кетелік, Аргентина мен Колумбия құрамалары арасында өткен Америка кубогының финалдық ойынында аргентиналықтар 1:0 есебімен басым түсті. Сондай-ақ олар өз тарихында он алтыншы рет Америка кубогының иегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2134041-amerika-kubogynyng-finaldyq-oiyny-qarsangynda-zhappai-tartipsizdik-oryn-aldy-video/