jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Аргентина құрамасы 16-рет футболдан Америка кубогын жеңіп алды

    Футболшы Месси
    Футболшы Месси. Фото: Hector Vivas/Getty Images

    Футболдан Аргентина құрамасы Америка кубогының финалында Колумбияны жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    АҚШ-тың Майами-Гарденс қаласында өткен финалдық кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды Аргентина құрамасы сапынан 112-минутта Лаутаро Мартинес салды.

    Айта кетерлігі, әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси де бұл матчта ойнады. Бірақ ол 64-минутта жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.

    Аргентина командасы осымен 16-рет Америка кубогын жеңіп алып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл кубокты ең көп ұтып алған құрамалар тізімінде екінші орында Уругвай тұр (15 кубок).

    Еске салайық, футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының да жеңімпазы анықталды. Испания құрамасы финалда Англиядан басым түсіп, Еуропаның төрт дүркін чемпионы атанды.

    Аргентина құрамасы 16-рет футболдан Америка кубогын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.