Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси Америка кубогының финалында көз жасына ерік берді (видео)

Жарияланған күні:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: Buda Mendes/Getty Images

"Алтын доптың" сегіз дүркін иегері Лионель Месси Аргентина мен Колумбия құрамалары арасындағы футболдан Америка кубогының финалдық матчында көз жасына ерік берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Америка кубогының финалында Аргентина мен Колумбия құрамалары кездесті. Матч Майамидегі "Хард Рок" стадионында өтті.

Матчтың 65-минутында қарсылас команданың ойыншысы Луис Диаспен допқа талас кезінде Месси аяғын қайырып алып, алаңнан әрең көтерілген болатын. Осыдан кейін Мессиді ауыстыруға тура келді. Аргентина құрамасының капитанының орнына алаңға Николас Гонсалес шықты.

37 жастағы аргентиналық футболшы алаңнан кетіп бара жатып, эмоциясын ұстай алмай, көз жасына ерік берді.

Айта кетелік, Аргентина мен Колумбия арасындағы Америка кубогының финалдық ойынында аргентиналықтар 1:0 есебімен басым түсті. Осылайша Аргентина құрамасы өз тарихында он алтыншы рет Америка кубогын иеленді. Ал Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси өз мансабындағы 45-кубокты жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2134083-messi-amerika-kubogynyng-finalynda-koz-zhasyna-erik-berdi-video/