Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Станислав Черчесов пен Магомед Адиев кездесті: екі бапкер не туралы сөйлесті

Жарияланған күні:

Cтанислав Черчесов пен Магомед Адиев
Cтанислав Черчесов пен Магомед Адиев. Фото: instagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов пен ұлттық құраманың бұрынғы жаттықтырушысы Магомед Адиев Мәскеуде кездесті. Олар Қазақстан құрамасына қатысты маңызды тақырыптарды қозғады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Екі бапкер кездесуде Еуро-2024 іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылардың ойынын талдап, олардың құрамадағы болашағы жайлы кеңескен.

"Станислав Черчесов команда құрамын жасақтауда әрбір ойыншы жайлы жан-жақты ақпарат жинаудың маңызын атап өтті. Магомед Адиев Қазақстан құрамасы жаңа бапкерлік құраммен халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдіріп, жаңа іріктеу кезеңіне сәттілік тіледі. Ал Станислав Черчесов Ресей чемпионатының жаңа маусымында Магомед Мұсаұлының жұмысына сәттілік тіледі", - делінген ҚФФ ақпаратында.

Магомед Адиев биыл мамырда футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен еді. Оның орнына 3 маусымда Станислав Черчесов тағайындалды. Қазір Адиев ресейлік "Ахмат" командасын жаттықтырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2135625-stanislav-cherchesov-pen-magomed-adiev-kezdesti-eki-bapker-ne-turaly-soilesti/