jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" футбол клубының 20 жастағы ойыншысы қайтыс болды

    Джастин Корнехо
    Джастин Корнехо. Фото: instagram.com/justincornejo_

    Эквадорлық "Барселона" футбол клубының ойыншысы Джастин Корнехо 20 жасында қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Эквадорлық Primicias басылымының мәліметінше, футболшы басын соғып алып, есінен танып қалған. Кейін ол ауруханаға жеткізіліп, сол жақта көз жұмған.

    "Барселона" футбол клубының X желісіндегі парақшасында Джастин Корнехоның өліміне қатысты жазба жарияланды.

    "Ешқандай сөз біз дәл қазір сезініп жатқан ауыртпалықты емдей алмайды. Оның бәрімізге қалдырған естелігі бізге күш береді. Джастин, сен әрқашан біздің жүрегімізде боласың. Жатқан жерің жайлы болсын. Біз сені жақсы көреміз", - делінген хабарламада.

    Қайғылы жағдайға қарамастан "Барселонаның" Оңтүстік Америка кубогындағы ойыны кейінге шегерілмеді. Эквадорлық команда өз алаңында бразилиялық "Ред Булл Брагантино" клубын қабылдады. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын кезінде футболшылар мен жанкүйерлер Корнехоны еске алу шарасын өткізді.

    Джастин Корнехо "Барселонаның" түлегі еді. Бірақ негізгі командада ойнап үлгермеді. Десе де футболдан Эквадор жастар командасының құрамында бір матч өткізген болатын.

    "Барселона" футбол клубының 20 жастағы ойыншысы қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.