Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе" футбол клубы босниялық командадан жеңіліп, еурокубок маусымын аяқтады

Жарияланған күні:

"Ақтөбе" – "Сараево ойыны
"Ақтөбе" – "Сараево ойыны. Фото: instagram.com/fcaktobe_official

"Ақтөбе" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында босниялық "Сараево" клубымен қарымта кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ойын Босния және Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында өтті. Матчтың 41-минутында "Ақтөбе" ойыншысы Идрис Умаев есеп ашты. Екінші таймда қарсылас командадан Георгий Гулиашвили (57-минутта) таразы басын теңестірді. Ал 75-минутта ақтөбеліктер сапынан Әділхан Таңжарықов мергендік танытты. Негізгі уақыт 1:2 есебімен аяқталды.

11 шілдеде Ақтөбеде өткен ойында "Сараево" 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екі матчтың қорытындысы бойынша жалпы есеп 2:2 болғандықтан, қарымта ойын экстра-таймға ұласты. Бұл кезеңде ақтөбеліктер сапынан Жайро Жан (93), ал қарсылас командадан Ренан Оливейра (96) гол соғып, жалпы есеп тағы теңесті. Кейін пенальти сериясында "Сараево" 4:3 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті. Ал "Ақтөбе" еурокубок маусымындағы жорығын аяқтады.

Енді "Сараево" ұжымы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Спартак Трнава" (Словакия) клубымен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2136495-aqtobe-futbol-kluby-konferentsiia-ligasynda-qarymta-kezdesu-otkizdi/