Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испанияда ең көп жалақы алатын футболшылар тізімі: Мбаппе тек үшінші орында тұр

Жарияланған күні:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе: Diego Souto/Getty Images

Испания чемпионатының 2024/25 жылғы маусымда ең көп жалақы алатын футболшының есімі белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сapology порталының деректеріне сүйенетін болсақ, Ла Лигада ең көп жалақаны "Барселона" футбол клубының ойыншысы Френки де Йонг алады. Нидерландтық футболшының жылдық табысы – 37,5 миллион еуро. Ал екінші орынға "Барселонаның" тағы бір ойыншысы Роберт Левандовский жайғасқан (33,3 миллион еуро). Ал "Реал Мадрид" клубының су жаңа ойыншысы Килиан Мбаппе жылына 31,2 миллион еуро жалақы алып, тізімнің үшінші сатысына жайғасты.

Ла Лигада жоғары жалақы алатын ойыншлыардың ондығы:

  1. Фрэнки Де Йонг ("Барселона") – 37,5 миллион еуро;
  2. Робрет Левандовский ("Барселона") – 33,3 миллион еуро;
  3. Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид") – 31,2 миллион еуро;
  4. Давид Алаба ("Реал Мадрид") – 22,5 миллион еуро;
  5. Джуд Беллингем ("Реал Мадрид") – 20,8 миллион еуро;

5. Ян Облак ("Атлетико Мадрид") – 20,8 миллион еуро;

5. Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид") – 20,8 миллион еуро;

8. Илкай Гюндоган ("Барселона") – 18,7 миллион еуро;

9. Федерико Вальверде ("Реал Мадрид") – 16,6 миллион еуро;

10. Тибо Куртуа ("Реал Мадрид") – 15 миллион еуро.

16 шілдеде франциялық футболшы Килиан Мбаппе испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубының жаңа ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылған еді. AS басылымының жазуынша, Мбаппені көруге 80 мың жанкүйер келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2136732-ispaniiada-eng-kop-zhalaqy-alatyn-futbolshylar-tizimi-mbappe-tek-ushinshi-orynda-tur/