jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    80 мың жанкүйер келді: "Реал Мадрид" клубы Мбаппені ресми түрде таныстырды (видео)

    Футболшы Килиан Мбаппе
    Футболшы Килиан Мбаппе. Фото: David Ramos/Getty Images

    Бүгін, 16 шілдеде франциялық футболшы Килиан Мбаппе испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубының жаңа ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Футболшыны таныстыру рәсімі Мадридтегі (Испания) "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтті. AS басылымының жазуынша, Мбаппені көруге 80 мың жанкүйер келген.

    "Мен бұл клуб үшін жанымды беріп ойнаймын. Осы ретте балаларға үндеу жасағым келеді. Мен бала күнімнен армандадым және арманым бүгін орындалды. Бір ғана кеңесім бар: ынта-жігер арқылы бәріне жетуге болады. Сендер де бір күні осы жерде болуларың мүмкін. Қатты толқып тұрмын. Мен арманымдағы клубтың және футбол тарихындағы ең үлкен команданың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын", - деді Мбаппе таныстыру рәсімінде.

    Cалтанатты шара басталмас бұрын Мбаппе "Реал Мадридпен" 5 жылға келісімшартқа қол қойды. Ол жаңа клубында 9-нөмірлі жейдемен ойнайтын болды.

    Еске салайық, Мбаппе "Реал Мадридке" ауысқаны маусым айында ресми түрде хабарланған еді. 25 жастағы футболшы 2017 жылдан 2024 жылға дейін франциялық "ПСЖ" командасында ойнады. Ол "ПСЖ"-мен бірге Франция чемпионатын алты рет жеңіп алды, төрт рет Франция кубогының, үш рет ел Суперкубогының, екі рет Франция лигасы кубогының жеңімпазы болды.

    80 мың жанкүйер келді: "Реал Мадрид" клубы Мбаппені ресми түрде таныстырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.