Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық клубтар еурокубоктың екінші кезеңінде қай командалармен ойнайды

Жарияланған күні:

"Тобыл" футбол клубының ойыншылары
"Тобыл" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fctobol

Қазақстандық футбол клубтарының 2024/2025 жылғы еурокубок маусымының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Астана" футбол клубы Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Елордалық команда молдовалық "Милсамимен" 25 шілдеде сырт алаңда, 1 тамызда Алматыда кездеседі.

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде молдовалық "Петрокубтан" 1:0 есебімен жеңіліп қалған еді. Енді шымкенттік команда Конференция лигасында люксембургтік "Дифферданж" ұжымына қарсы ойнайды. Алғашқы матч 25 шілдеде сырт алаңда, қарымта ойын 1 тамызда Қазақстанда өтеді.

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде словакиялық "Ружомберок" командасынан 3:5 есебімен ұтылды. "Тобыл" да еурокубок маусымын Конференция лигасында жалғастырып, швейцариялық "Санкт-Галленмен" кездеседі. Бірінші матч 25 шілдеде сырт алаңда, қарымта ойын 1 тамызда Қазақстанда болады.

Ал "Ақтөбе" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде босниялық "Сараевоға" есе жіберіп, еурокубок маусымын аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2136735-qazaqstandyq-klubtar-eurokuboktyng-ekinshi-kezenginde-qai-komandalarmen-oinaidy/