Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен оған інім сияқты қараймын": ҚФФ президенті Нұралы Әліппен қарым-қатынасы жөнінде айтты

Жарияланған күні:

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: fc-zenit.ru

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов РБ Спорт порталына берген сұқбатында "Зениттің" қорғаушысы Нұралы Әліппен қарым-қатынасы мен футболшының ресейлік клуб сапындағы танымалдылығы туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

– Нұралы Әліп "Зенит" клубына мүлдем беймәлім ойыншы ретінде келген болатын, ал уақыт өте келе ол команданың жұлдызына айналды. Сіз бұл нәрсеге таңғалдыңыз ба?

– Мүлдем таңғалмадым. Әліп жан-жақты талапшыл жігіт, ол өзін-өзі жігерлендірген спортшы, сондай-ақ оның бойында жауынгерлік сипатқа тән қасиеттер жеткілікті. Ол үлкен жүректі адам. Мұндай адамдар әдетте өмірден өзінің қалағанын алады. Мен оған інім сияқты қараймын.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп "Зенит" клубына 2022 жылдың басында ауысып келді. Клуб сапында ол 61 ойынға қатысты.

Сондай-ақ Нұралы Әліп жақында санкт-петербургтік "Зенитпен" Ресей Cуперкубогын жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2136759-men-ogan-inim-siiaqty-qaraimyn-qff-prezidenti-nuraly-alippen-qarym-qatynasy-zhoninde-aitty/