jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Нұралы Әліп Ресей Cуперкубогының үш дүркін чемпионы болды

    Нұралы Әліп
    Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп санкт-петербургтік "Зенитпен" Ресей Cуперкубогын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жаңа маусымның алғашқы кубогы үшін өткен кездесуде "Зенит" ұжымы "Краснодар" командасын 4:2 есебімен жеңді. Ойын "Волгоград Аренада" болды.

    Петербургтік команда сапынан Родригао (13-минутта), Вендел (33) және Максим Глушенков (42, 68) гол соқты. "Краснодар" құрамынан Никита Кривцов (65) пен Федор Смолов (70) мергендік танытты.

    Нұралы Әліп алаңға 66-минутта Родригаоның орнына шықты. Қазақстандық футболшы нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. Десе де "Зенит" командасы Ресей Cуперкубогын тарихта тоғызыншы рет және қатарынан бесінші рет жеңіп алды. Ал Нұралы бұл жүлдені осымен үшінші рет иеленді.

    Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Нұралы Әліптің ойынына баға бергенін жазған едік.

    Нұралы Әліп Ресей Cуперкубогының үш дүркін чемпионы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.