Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық футболшы Дания чемпионатында алғашқы ресми ойынын өткізді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов
Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов. Фото: instagram.com/silkeborgif_officiel

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов даниялық "Силькеборг" клубы сапында алғашқы ресми ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Дания чемпионатының бірінші турындағы "Силькеборг" және "Сеннерйюска" арасындағы матчтың алғашқы минуттарында негізгі құрамда алаңға шықты. Оразов бірінші тайм бойы ойнап, 63-минутта ауыстырылды. "Силькеборг" ұжымы 76-минутта гол соққан Пелле Маттссонның арқасында 1:0 есебімен басым түсті.

"Бүгін дебют жасап, жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын! Алға "Силькеборг"!", - деп жазды Рамазан Оразов Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Еске салайық, Рамазан Оразов 13 маусымда "Силкеборг" клубына ауысқан еді. 26 жастағы қазақстандық футболшы осымен төртінші рет шетел чемпионатында ойнап жатыр. Бұған дейін ол словениялық "Копер", ресейлік "Чайка" және латвиялық "Даугавпилс" командаларында өнер көрсеткен.

Рамазан Оразовтың Instagram Stories-і
Рамазан Оразовтың Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/stories/ramazanorazov

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2137710-qazaqstandyq-futbolshy-daniia-chempionatynda-algashqy-resmi-oiynyn-otkizdi/