jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Месси немесе Роналду: ХХІ ғасырдың үздік футболшысы анықталды

    Роналду мен Месси
    Роналду мен Месси. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

    Танымал ESPN спорт басылымы ХХІ ғасырдың үздік футболшыларының рейтингін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    ESPN жариялаған рейтингтің тізгінін Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси ұстады. Ал екінші орынға "Әл-Наср" клубының ойыншысы Криштиану Роналду жайғасса, ал "Барселона" мен "Арсеналдың" бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри үштікті түйіндеп тұр.

    ESPN нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік 10 футболшысы:

    1. Лионель Месси (Аргентина);
    2. Криштиану Роналду (Португалия);
    3. Тьерри Анри (Франция);
    4. Зинедин Зидан (Франция);
    5. Лука Модрич (Хорватия);
    6. Килиан Мбаппе (Франция);
    7. Андрес Иньеста (Испания);
    8. Хави (Испания);
    9. Роналдо (Бразилия);
    10. Роналдиньо (Бразилия).

    Айта кетейік, әлемнің үздік футболшысына табысталатын "Алтын доп" жүлдесін Лионель Месси 8 рет қанжығасына байлаған. Ал одан кейінгі орында 5 рет "Алтын допты" жеңіп алған Криштиану Роналду жайғасқан.

    Месси немесе Роналду: ХХІ ғасырдың үздік футболшысы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.