Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманым орындалды": қазақстандық клубтың футболшысы Роналдуға қарсы ойын туралы айтты

Жарияланған күні:

Сенин Себай
Сенин Себай. Фото: instagram.com/king_sebai15

Ивуарлық футболшы Сенин Себай "Қызылжар" командасына ауысуы және әлемге танымал футболшыларға қарсы ойыны туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сенин Себай 9 шілдеде "Қызылжар" футбол клубының ойыншысы атанған еді. Ол бұған дейін қостанайлық "Тобылда", сондай-ақ ресейлік "Балтика", "Химки", "Ахмат", "Тамбов" клубтарында ойнаған.

– "Тамбов" клубы сапындағы жақсы маусымнан кейін Ресей Премьер лигасында қалып ойнауыңа мүмкіндік болды. Не себепті қазақстандық команданың ұсынысын таңдадың?

– Қазақстанға келуімнің себебі мен Конференция лигасында, Еуропа лигасында ойнағым келді. "Тобыл" клубы сол кезде Европада ойнауға жолдама алған еді. Мені осы мүмкіндіктер қызықтырды.

– Сен Криштиану Роналдудың командасына қарсы ойнадың. Сонымен қатар Мане және Лапорт сияқты әлемдік жұлдыздармен бір алаңға шықтың. Қандай сезімде болдың

– Футболдағы әлемдік жұлдыздармен ойнау деген әркімнің арманы шығар. Бір алаңда қарсылас болыпта өнер көрсету деген жақсы жетістік. Мен Криштиану Роналдуға таңғаламын. Онымен кездесіп, тағы бір арманым орындалды.

Айта кетейік, "Қызылжар" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының кестесінде 13 ұпаймен 10-орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2139103-armanym-oryndaldy-qazaqstandyq-klubtyng-futbolshysy-ronalduga-qarsy-oiyn-turaly-aitty/