Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC чемпионы биылғы "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткер футболшының есімін атады

Жарияланған күні:

Футболшы Даниэль Карвахаль
Футболшы Даниэль Карвахаль. Фото: Federico Gambarini/picture alliance via Getty Images

UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы, испаниялық файтер Илия Топурия биылғы жылы "Алтын доп" жүлдесін "Реал Мадрид" клубы мен Испания құрамасының қорғаушысы Даниэль Карвахаль алатынына сенімді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Даниэль Карвахаль биыл "Реал Мадрид" құрамында Ла Лигада және Чемпиондар лигасында жеңіске жетті, сондай-ақ Испания құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанды.

"Ол Ла Лиганы, Чемпиондар лигасын жеңіп алды және Еурода топ жарды. Ол осы жылы ең көп жүлдені жеңіп алған футболшы, сондықтан ол "Алтын допқа" сөзсіз лайық", - дейді Илия Топурия.

Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" клубының шабуылшысы Карим Бензема 2024 жылы "Алтын доп" жүлдесіне Винисиус Жуниор әбден лайық екенін айтқан болатын.

Еске салайық, файтер Илия Топурия осы жылдың 17 ақпанында өткен UFC 298 турнирінде аустралиялық Александр Волкановскийден басым түсіп, чемпиондық атаққа ие болған еді. Биылғы "Алтын доп" жүлдесін 28 қазанда Парижде табыстайды. Өткен жылы бұл марапатты Лионель Месси сегізінші мәрте иеленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2140128-ufc-chempiony-biylgy-altyn-dop-zhuldesine-basty-umitker-futbolshynyng-esimin-atady/