jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ол мінсіз футболшы": Карим Бензема "Алтын допқа" басты үміткер футболшының есімін атады

    Карим Бензема
    Карим Бензема: Aurelien Meunier/Getty Images

    Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" клубының шабуылшысы Карим Бензема 2024 жылы "Алтын доптың" иегері кім болатыны туралы пікірін бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    36 жастағы Карим Бензема "Реал Мадрид" клубының футболшысы Винисиус Жуниорды "Алтын доптың" биылғы иегері болуға әбден лайықты деп санайды.

    "Винисиус осындай керемет маусымнан кейін "Алтын допты" алуға лайық. Сондай-ақ ол биыл ғана, өткен жылы да жақсы өнер көрсетті. Ол мінсіз футболшы", - деді Бензема

    Еске салайық, Винисиус 2018 жылдың шілдесінде "Фламенго" клубынан "Реалға" ауысқан болатын. Өткен маусымда мадридтік клуб сапында Винисиус 39 матч өткізіп, 24 гол соғып, 11 пас берді.

    Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенетін болсақ, футболшының трансферлік нарықтағы құны 180 миллион еуроға бағаланады.

    "Ол мінсіз футболшы": Карим Бензема "Алтын допқа" басты үміткер футболшының есімін атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.