jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Ордабасы" сырт алаңда ұпай жоғалтты, ал "Ақтөбе" екінші орынға көтерілді

    "Ордабасы" футбол клубының ойыншылары
    "Ордабасы" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com / fc_ordabasy

    Қазақстан Премьер лигасының 15-туры аясында тағы екі матч өтті. Талдықорғанда жергілікті "Жетісу" ел чемпионы "Ордабасыны" қабылдап, 1:1 есебімен тең тарқасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Есепті бірінші болып шымкенттіктер ашты. Матчтың 31-минутында "Ордабасы" қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай қапталдан келген допқа бірінші жетіп, Арсен Сиукаев қорғаған қақпадан саңлау тапты. Ал екінші тайм аяқталар тұста "Жетісу" шабуылшысы Абылайхан Жұмабек айып алаңының сыртынан шірене теуіп, қақпаның тоғыздығын көздеді және мүлт кеткен жоқ, есеп 1:1. Осыдан кейін "Ордабасы" жеңісті жұлып алу үшін бірнеше шабуыл жасап көргенімен, барлығы нәтижесіз аяқталды.

    Айта кетейік, матч барысында шымкенттік команданың екі голы есепке алынбады: алғашқысында оффсайд анықталса, екіншісінде төреші ереже бұзылғанын айтты.

    Ал" Ақтөбе" болса өз алаңында "Қызылжарды" қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда Уче Агбо гол соқса (34-минут), екінші таймда Жан Жайро дәл соққысымен көзге түсті.

    Осылайша ақтөбелік команда турнир кестесінің кестесінің екінші сатысына көтерілді, олардың еншісінде 25 ұпай. Ал, "Ордабасы" бұрынғыша көш бастап келеді, шымкенттіктерде 26 ұпай бар.

    "Ордабасы" сырт алаңда ұпай жоғалтты, ал "Ақтөбе" екінші орынға көтерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.