jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Неғұрлым қиын болса, соғұрлым қызық": Черчесов құраманың Ұлттар лигасына дайындығы туралы айтты

    Cтанислав Черчесов
    Cтанислав Черчесов. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың Ұлттар лигасы аясындағы матчтарына дайындығы туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазір Қазақстанда жүрмін. Мен мұнда бірнеше матчты көріп, ұлттық құрамаға үміткерлермен кездесуді жоспарлап отырмын. Осы аптада футбол федерациясы ұйымдастырған бірқатар кездесу мен іс-шара өтеді. Ұлттар лигасы аясында қыркүйек айында өтетін Норвегия мен Словенияға қарсы кездесулерге дейін футбошыларды жинау мерзімі өте қысқа болатыны өкінішті, бірақ біз барымызды саламыз. Біздің тобымыздағы құрамалардың деңгейі жоғары, қиын ойындар күтіп тұрғаны сөзсіз. Бірақ неғұрлым қиын болса, соғұрлым қызық", - деді Станислав Черчесов.

    Қазақстан Ұлттар лигасының 3-дивизионында Аустрия, Норвегия және Словенияға қарсы ойын өткізеді. 6 қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында норвегиялықтармен шеберлік байқасады, ал 9 қыркүйекте Словениямен сырт алаңда ойнайды.

    "Неғұрлым қиын болса, соғұрлым қызық": Черчесов құраманың Ұлттар лигасына дайындығы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.