Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін 52 матч қатарынан гол өткізбеген қазақстандық қақпашының туған күні

Жарияланған күні:

Құралбек Ордабаев
Құралбек Ордабаев. Фото: fckairat.com

Бүгін "Қайрат" футбол клубының атақты қақпашысы Құралбек Досжанұлы Ордабаев 75 жасқа толды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Бүгін "Қайраттың" атақты қақпашысы Құралбек Досжанұлы Ордабаев 75 жасқа толды.
  • Ордабаев 1971 жылдан 1983 жылға дейін "Қайраттың" қақпасын қорғап, 185 рет алаңға шықты.
  • Ол пенальтиді қайтарудың шебері ретінде танымал болып, қазір "Қайрат" футбол клубының басшылығында жұмыс істейді.

Құралбек Досжанұлы Ордабаев 1949 жылдың 6 тамызында Шымкент қаласында дүниеге келген.

Шымкент футболының түлегі Құралбек Ордабаев 1968 жылы жергілікті "Металлург" клубында өнер көрсетіп бастаған. 1971 жылы алматылық "Қайрат" клубына ауысып, Одақтың жоғарғы лигасында дебютін өткізген болатын.

Құралбек Ордабаев 12 жыл бойы "Қайраттың" қақпашысы болды. Мансабында 185 рет алматылық клубтың қақпасын қорғаған.

Көпшілігі Құралбек Ордабаевты пеналтьи қайтарудың қас шебері деп атайтын. Ол 1973 жылы 13 пенальтиді қайтарса, 1974 жылы 18 айып добын қайтарған. Сонымен бірге Құралбек Ордабаев 52 матч қатарынан өз қақпасына гол енгізбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2145081-bugin-52-match-qatarynan-gol-otkizbegen-qazaqstandyq-qaqpashynyng-tugan-kuni/