Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ордабасы" футбол клубы Конференция лигасынан шығып қалды

Жарияланған күні:

"Ордабасы" футбол клубының ойыншылары
"Ордабасы" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Шымкенттік "Ордабасы" футболшылары УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Арменияның "Пюник" (Ереван) командасына қарсы қарымта кездесуде жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еревандағы республикалық стадионда өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 66-минутта "Пюник" ойыншысы Юсуф Отубанжо соқты.

Екі команда арасындағы алғашқы ойында да армениялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Қос матчтың қорытындысы бойынша "Пюник" ұжымы 2:0 есебімен басым түсіп, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Ал "Ордабасы" командасы еурокубок маусымын аяқтады.

Шымкенттік команда УЕФА Чемпиондар лигасында да бақ сынаған еді. Алайда іріктеудің алғашқы кезеңінде молдовалық "Петрокубқа" есе жіберіп, турнирден шығып қалды.

Осылайша, еурокубок маусымында қазақстандық клубтар арасынан тек "Астана" қалды. Кеше, 14 тамызда елордалық команда румыниялық "Корвинулды" ойсырата жеңіп, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2149534-ordabasy-futbol-kluby-konferentsiia-ligasynan-shygyp-qaldy/