jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" өз алаңында қарсыласын ойсырата ұтып, Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті

    "Астана" мен "Корвинул" футбол клубтарының ойыншылары
    "Астана" мен "Корвинул" футбол клубтарының ойыншылары. Фото: instagram.com / fca.astana

    УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында "Астана" мен "Корвинул" клубтары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 14 тамызда Алматыда елордалық "Астана" футбол клубы румыниялық "Корвинулға" қарсы қарымта матчын өткізіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

    Бұл матчта астаналық ұжым сапынан Джеффри Чинеду (13 және 68-минут), Марин Томасов (57 және 75-минут), Назым Грипши (73-минут), Эльхан Астанов (84-минут) көзге түсті.

    Ал "Корвинул" сапынан Михай Велисар (78-минут) жалғыз голдың авторы атанды.

    Румынияда өткен бірінші матчта "Астана" клубы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

    Айта кетейік, "Астана" футбол клубы келесі кезеңде "Сент Миррен" (Шотландия) – "Бранн" (Норвегия) командаларының жеңімпазымен ойнайды.

    Сондай-ақ ертең, 15 тамызда УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында шымкенттік "Ордабасы" сырт алаңда армениялық "Пюникке" қарсы қарымта кездесуін өткізеді. Алғашқы ойында шымкенттік ұжым 0:1 есебімен есе жіберіп қойған болатын.

    "Астана" өз алаңында қарсыласын ойсырата ұтып, Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.