"Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңінде норвегиялық "Бранн" командасымен бақ сынайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында "Сент Миррен" (Шотландия) мен "Бранн" (Норвегия) командалары өзара мықтыны анықтады. Қос матчтың қорытындысы бойынша норвегиялық ұжым 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша "Астана" футбол клубы плей-офф кезеңінде норвегиялық "Браннға" командасына қарсы кездесу өткізеді. Бірінші матч 22 тамызда Норвегияда өтсе, екінші матч 29 тамызда Алматыда болады.
Айта кетейік, плей-оффта жеңіске жеткен клуб УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.
14 тамызда УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында елордалық "Астана" футбол клубы румыниялық "Корвинулды" екі матчтың қорытындысы бойынша 8:2 (2:1, 6:1) есебімен жеңген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2149671-astana-klubynyng-konferentsiia-ligasynyng-plei-off-kezengindegi-qarsylasy-anyqtaldy/